«№6 «Өркен» балабақшасы» мемлекеттік қоммуналдық қазыналық кәсіпорны - 2011 жылдың 14 қарашасында Мұнайлы ауданы әкімдігінің №199-қ қаулысы негізінде құрылды.
2021 жылғы 5 қаңтардағы Маңғыстау облысы әкімінің №8 қаулысымен Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша «№6 «Өркен» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорын болып қайта тіркелді.
«№6 «Өркен» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК мемлекеттік тілде жұмыс жүргізеді.
Бөбекжай екі қабатты, бөлек тұрған ғимаратта орналасқан. Жалпы сыйымдылығы 280 орынға есептелген. Бөбекжайда 12 топ жұмыс істейді. Барлық топта баланың жас ерекшелігі ескеріле отырып заттық-кеңістіктік орта ұйымдастырылған.
Педагогтардың 70 пайыздан астамы жоғары білімді, түрлі аудан көлеміндегі сайыстарды жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді.
Педагогтар тәрбиеленушілердің қызығушылығын арттыра отырып тәрбие-білім беру процесін жоғары деңгейде жүргізеді.
Бөбекжай педагогтері мектепке дейінгі тәрбие саласы бойынша жаңа инновациялық технологияларды күнделікті жұмыстарында қолданып отыр. М.Монтессори әдістемесі элементтері, Б. Никитиннің дамытушы ойындары, ӨТШТ технологиясы және басқа да әдістер біздің бөбекжайымыздағы тәрбие процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Балалардың шығармашылық, зияткерлік, сауықтыру және бос уақытты ұйымдастыру бағыттары бойынша вариативтік бағдарламалар ұйымдастырылады.