Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы, Шерқала көшесі, 69
8 (7292) 77-77-77
Меню

Конкурс хабарлама

Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№6 «Өркен» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 31.03.2025 жылғы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде педагогтердің бос және уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды:

  1. Дефектолог маманы -1 штат бірлігі, тұрақты

  2. Қазақ тілі 2 маман- 2 штат бірлігі, тұрақты

  3. Тәрбиеші 3 маман -1 штат бірлігі- тұрақты; 2 уақытша (бала күтіміндегі маман бос орны)

ЛАУАЗЫМҒАОРНАЛАСУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР: конкурс жарияланғаннан 7(жеті)жұмыс күн ішінде құжаттар қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (электронды немесе қағаз жүзінде жолдайды) тізбесі:

  1. 57 бұйрық 3- қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

  3. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс-парағы, ¼ фотосымен;

  4. Білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі, қосымшасымен; жоғары білімді

  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 30.10.2020 жылғы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

  7. Психикалық, мінез-құлықтың бұзушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

  8. Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

  9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

  10. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератор, педагог- сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлік тестлеу сертификатымен:

  11. осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кадидаттың толтырылған бағалау парағы;

  12. Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады. Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.

Маңғыстау облысының білім басқармасының
мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің
«№6 «Өркен» бөбекжайы» жедел басқару
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Басқұдық ауылы, Шерқала көшесі, 69
8 (7292) 77-77-77
Дизайн және әзірлеу
SemStar