19.01.2024ж «№6 «Өркен» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК-да ұжымдық жиналыс өткізілді. Жиналысқа аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру орталығының әдіскері Рамбаева Кумисай Геннадьевна және қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сулейменова Гулмира Бердибаевна қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. «№6 «Өркен» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК директоры Кенджебаева Тансулу Адилбековнаның 2023 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі.
2. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Куттумурадова Гулсинай Куралхановнаның 2023 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі.
3.Педагогикалық әдеп туралы бөбекжай әдіскері Реева Турсынай Жусипбековнаның баяндамасы тыңдалды.
Мектепке дейінгі білім беру орталығының әдіскері К.Г. Рамбаева және қамқоршылық кеңесінің төрағасы Г.Б.Сулейменова бөбекжай ұжымының 2023ж жетістіктеріне жақсы баға берді.
Бөбекжай директоры Т.А. Кенджебаева жиналысты қортындылап бөбекжай қызметкерлеріне 2024 жылға шығармашылық табыс тіледі.